Skip to main content

«Marsh» компаниясы туралы

Біздің мақсатымыз — бұл мүмкіндіктер. «Marsh» компаниясы үшін мүмкіндік тұжырымдамасы – бұл біз айтатын сөздер ғана емес. Бұл біз 150 жылдан аса уақыт бойы өмір сүріп келе жатқан құндылығымыз.

Біз мүмкіндіктерді дамыта және қорғай отырып, клиенттеріміз бен әріптестерімізге жетілуге, ал қауымдастықтарымызға өркендеуге көмектесеміз. Біз тәуекелдерді басқарудың тиімдірек тәсілдерін және дұрыс нәтижеге жетудің тиімдірек жолдарын іздейміз. Біз клиенттеріміз, компаниямыз, әріптестеріміз және біз жұмыс істейтін қоғамдастықтар үшін оңтайлы артықшылықтарға қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз.

Жаһандық қамту

«Marsh» компаниясы — әлемдегі жетекші сақтандыру брокері және тәуекелдер жөніндегі кеңесші және біздің кеңселеріміз 130-дан астам елде орналасқан. Біз клиенттеріміздің тәуекелдерге жұмсалатын жалпы шығындарын төмендету үшін деректерді, технологияларды және талдауды пайдалана отырып, брокерлік қызмет, консалтинг және кінәрат-талаптарды қолдау саласында қызметтер ұсынамыз.

Жергілікті сарапшылардың білімі

Біздің бүкіл әлем бойынша жұмыс істейтін 45 000-ға жуық қызметкеріміз бар, олар біздің коммерциялық және жеке клиенттерімізге аналитикалық ақпарат, кеңестер береді және олар жұмыс істейтін немесе бизнестері тәуекелдерге тап болуы мүмкін жергілікті нарықтарда қолдау көрсетеді. Біз сіздерге сақтандыру өтеліміне, реттеу саласындағы өзгерістерге және тәуекел үрдістеріне байланысты барлық қыр-сырларды түсінуге көмектесеміз. Сіздермен бірге біз тәуекелдерді орналастыру, азайту және тәуекел шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыс жасаймыз. 

 

 

 

 

 

 

 

1871 жылдан бері мүмкіндіктерді ұсынып келеміз

Міне, 150 жыл бойы клиенттеріміз дағдарыстар мен жетістіктер кезеңінде біздің оларға қолдау көрсетуге, тұрақтылықты арттыру және әлеуетті іске асыру арқылы табысқа жетулеріне көмектесуге дайын екенімізді біліп, Marsh компаниясына сенім білдіреді. Күн сайын жаңа тәуекелдер мен мүмкіндіктер пайда болады және біз сіздерге өзгеріп жатқан тәуекелдер ландшафтында дұрыс бағыт көрсетуге, өршіл мақсаттарды іске асыруға және болашағыңызды қауіпсіз етуге көмектесеміз.

130

Marsh компаниясы жұмыс істейтін 130 ел

150

жылдық тәжірибе

45к

Бүкіл әлем бойынша жұмыс істейтін 40 мың маман

Marsh компаниясындағы мансап

Біздің бәсекелестік артықшылығымыз — бұл біздің қызметкерлеріміз. Біз энтузиазм, адамгершілік, қызығушылық және кәсіпкерлік сияқты қасиеттерді бағалаймыз және жұмыс орны мен қауымдастығын өзгерткісі келетіндерді қуана қарсы аламыз. Біз қызметкерлеріміздің дамуына, сондай-ақ саладағы өзгерістер мен инновацияларға ұмтыламыз.

Governance