Skip to main content

Көлік

Бұл сала бүкіл планетаны қамтиды. Сарапшыларымыз сақтандыру саласында қызмет көрсетумен қатар, ықтимал тәуекелдерді басқару бойынша шешімдер қабылдауға және бар тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

Дүниежүзіндегі 500-ден астам білікті қызметкер сақтандыру және тәуекелдерді басқару саласындағы білімдерін және тәжірибесін бөліседі.

Логистикалық қызметтердің жеткізушілері мен әуе кемелерінің эксплуатанттарын, теміржолмен жүк тасымалдау операторларын және автокөлік өндірушілерін қамтитын көлік саласы серпінді түрде дамып келеді және түрлі ықтимал қауіптер мен тәуекелдерге тап болады.

Қызметкерлердің жетіспеуі мен персоналды сақтап қалу мәселелері, заңнаманың өзгеруі, нарықтық бәсекелестік — осы және басқа барлық ықтимал тәуекелдер ұйымыңыздың табысты және сәтті қызмет атқаруына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Көштен қалып қоймау үшін көлік компанияларының кейбіріне тәуекелдерді сауатты түрде басқару және тиісті залалдарды басқару қажет.

Marsh сарапшылары бұл проблемалардан хабардар, олар сақтандыру қызметін көрсетумен қатар, тәуекелдік қаржыландыру мен персоналды жалдау бойынша кешенді шешімдерді ұсынады.

Алдыңғы қатарлы аналитикалық деректер мен болжап модельдеу құралдары кәсіпорныңыз тап бола алатын тәуекелдердің түрлерін және оларды басқару жолын түсінуге көмектеседі. «Марш» көлік бөлімшеcінің сарапшылары клиенттерімізге анық әрекет ету нұсқаулығын беру және олар үшін оңтайлы шешімдерді табу мақсатында ең озық технологияларды, тәуекелдерді бағалау және талдау құралдарын, сондай-ақ салыстыру зерттеулерінің нәтижелерін пайдаланады.

Marsh компаниясы сақтандыру бағдарламаларын жасау және орналастыру (тәуекелдерді табыстау шешімдеріміздің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге арналған), тәуекелдерді қаржыландыру (тәуекелдерді сақтау мен табыстау арасында оңтайлы балансты қамтамасыз етуге арналған), персоналға байланысты тәуекелдерді басқару (өндірістік жарақаттарға, жұмысқа келмей қалу жағдайларына және кадрлардың тұрақтамауына байланысты тікелей және жанама шығындарды айтарлықтай азайтуды қамтамасыз ететін), көлік парктерін басқару, сондай-ақ шағымдармен жұмыс істеу (соның ішінде шығындарды азайтуға және тиімділікті арттыруға көмектесетін шағымдарды реттеу, заңдық қолдау көрсету және соттық қорғау) бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.

Салада бар проблемаларды терең әрі жан-жақты түсінудің арқасында пайданы сақтап қалуға, қызметті оңтайландыруға, тұрақтылықты арттыруға көмектесетін және тәуекелдердің жалпы құнын басқаруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың инновациялық шешімдерін шығарамыз.