Әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында қаржы мекемелері тез өзгеретін салада бәсекелестіктің артуына тап болады. Технологиялар қаржылық қызметтер мен өнімдерді ұсынудың дәстүрлі тәртібін өзгертуді жалғастыра беретіндіктен, қаржы мекемелері мәліметтердің жайылып кету қаупі мен кибершабуылдарға тап болады. Жағдайды заңнаманың үнемі өзгертілуі және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз етуге шығындардың артуы қиындатып отыр.
Біздің компаниямызда бүкіл әлем бойынша 1100-ден астам маман жұмыс істейді, сонымен қатар біздің қаржы мекемелері саласындағы терең біліміміз бар, бұл бізге дәстүрлі және жаңа тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік беретін шешімдерді қолдану үшін сіздердің бизнестеріңізді жүргізудің өзгеріп жатқан шарттарын қолдауға, талдауға және бағалауға мүмкіндік береді.
Біздің қаржы мекемелерімен жұмыс жүргізетін бөлімшеміз тәуекелдерді басқару және табыстау үшін, киберқауіпсіздік және жеке деректерді заңсыз пайдалану тәуекелдерінен бастап директорлар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне, кәсіби жауапкершілікке, қылмыстарға, жылжымайтын мүлікке, жазатайым оқиғаларға және жұмыс берушілердің жауапкершілігіне байланысты дәстүрлі тәуекелдерге дейін инновациялық шешімдердің кең ассортиментін ұсынады.
Біздің кешенді тәсіліміз саладағы ауқымды жұмыс тәжірибесіне және бірегей деректерге негізделген. Ол ықтимал залалдарды және тәуекелдер деңгейін төмендетудің ең тиімді тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.