Skip to main content

Кибертәуекелдер

Кибертәуекелдердің күрделілігі мен таралуын ескере отырып, ұйымдар осындай тәуекелдердің деңгейін бақылау үшін осы саладағы тәжірибелі мамандардың кеңестерін қолдана алады. Біз сіздерге кибертәуекелдеріңізді бағалауға және оларды сандық өлшеуге, кибершабуылдарға дайындалуға және оларға жауап беруге, тәуекелдерді басқаруға және ұзақ мерзімді тәуекелдерді басқару бағдарламасын құруға және ұйымыңыздың тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесе аламыз.

Кибертәуекел енді технологиялық проблема емес. Бүгінгі таңда кибертәуекелдер — бұл ұйымдар мен қауымдастықтардағы белсенді бақылауды қажет ететін, үнемі өзгеріп отыратын және жүйелі құбылыс. Қашықтағы жұмыс істеу көлемінің күрт өсуіне, жеткізілім тізбектерінің өзара байланысына, цифрлық технологиялардың белсенді енгізілуіне және сыни инфрақұрылымдағы әлсіз тұстарға байланысты ұйымдар бұрынғыдан да осал бола бастады. Табысты қызмет ету үшін ұйымдар қорғауды ғана емес, сонымен бірге олардың тұрақтылығын да дамытуы керек. 

Кибертәуекелдер әр салаға әсер етеді. Бүгінгі таңда ірі және шағын бизнес кәсіпорындары кибертәуекелдерді басқарумен айналысады. Кибертәуекелдер мәселесінің әмбебап шешімі жоқ: цифрлық трансформацияның жаңа технологияларының пайда болуымен киберқылмыскерлердің мүмкіндіктері мен қызмет аясы өсіп келеді. 

Көптеген ұйымдар киберқауіпсіздікті операциялық немесе технологиялық проблема ретінде қарастырады және жыл сайын оны қамтамасыз ету үшін шешімдерді іздеуге көбірек қаражат жұмсайды. Алайда киберқылмыстардың ауқымы, жиілігі және экономикалық салдары, ол бопсалау, жеткізілім тізбектеріне шабуыл жасау немесе ұйымдардың жұмысындағы үзілістер болсын, өсуін жалғастыруда. 

«Marsh» компаниясының киберқауіпсіздік бөлімшесі 25 жылдан астам уақыт бойы әлемдік көшбасшы және киберқауіпсіздік саласындағы сенімді кеңесші болып келеді. Біз клиенттерімізге олардың кибертәуекелдерін талдауға, өлшеуге және бақылауға көмектесетін өз саласындағы ең жақсы мүмкіндіктер мен шешімдерді жасаймыз және ұсынамыз. Біз кеңес беру және сақтандыру технологиялары, оқиғаларды басқару, тәуекелдерді талдау және тұрақтылықты оңтайландыру арқылы ұйымыңыз ұшырайтын кибертәуекелдерге қатысты стратегиялық шешімдерді тиімдірек қабылдауға ықпал етеміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Киберсақтандыру ұйымға ауқымды бұзулар, жұмыстағы іркілістер, бопсалаушы бағдарламалардың шабуылдары және кибершабуылдардың басқа да түрлері нәтижесінде туындаған залалдарды және оларға байланысты шығыстарды өтеуге көмектесе алады. 

Киберқауіпсіздіктің кешенді өтелімі сізге сот шығындары, оқыс оқиғаларға дайындық және жауап қайтаруды қолдау, қызметкерлерді оқыту, сот сараптамасы қызметтері және бұзушылықтар туралы хабарлау қызметтері сияқты баптар бойынша шығындарды өтеу үшін қажетті ресурстарды ұсына алады. Мұндай сақтандыру полистері сізге компанияның балансын, мысалы, жоғалған пайда мен қосымша шығындар, айыппұлдар мен өсімпұлдар, деректер мен жабдықтарды қалпына келтіру және жөндеу, сондай-ақ беделдік залал сияқты бірінші және үшінші тараптың шығындары мен міндеттемелерінен қорғауға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологиялармен және деректермен жұмыс істейтін барлық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар кибертәуекелдерге ұшырайды. Бүгінгі таңда ұйымдарға кездесетін кибертәуекелдердің түрлері геометриялық прогрессиямен өсіп келеді. Мысалы, бопсалаушы бағдарламалар қауіпті және әбден жетілдірілген болып, олардың саны артып келеді. Бұл талдауды, бағалауды және бақылауды қажет ететін көптеген кибертәуекелдердің бірі ғана.

Киберсақтандырудың көмегімен сіз ұйымыңыздан тәуекелдерді алып тастайтын, сонымен қатар кибершабуылдар нәтижесінде ұйымның балансы мен құбылмалылығына әсерін төмендететін арнайы өтеу бағдарламасын жасай аласыз. 

Бүгінгі таңда тәуекелдерді басқару бағдарламасымен бірге кибертәуекелдерді сақтандырудың кешенді бағдарламасының болуы ұйымыңызға тәуекелдеріңізді дұрыс басқаруға көмектесу үшін аса маңызды.

Үнемі газет тақырыптарында жазылатын кибершабуылдар айтарлықтай дәрежеде сақтандырылған. Бопсалаушы бағдарламаның шабуылы жасалған сәтте сақтандыру өтелімін алған компаниялар тиісті төлемдер алды.

Талаптар мен ережелер әртүрлі болғанымен киберсақтандыру полисі бопсалаушылардың шабуылына дейін, ол болған кезде және одан кейінгі кезеңге кешенді өтелімді қамтуы мүмкін. Киберсақтандыру полисі, басқалармен қатар оқиғаларға ден қоюды жоспарлауды, бұзушылықтар туралы хабарлау қызметтерін, сондай-ақ жабдықты қалпына келтіру мен жөндеуді қамтуы мүмкін.

Соңғы сауалнама компанияларды көбінесе бопсалаушы бағдарламалар шабуылдарының тәуекелі, заңнама өзгертілуінің тәуекелі және жеткізу тізбектеріндегі тәуекел алаңдататыны көрсетті. Респонденттердің тек 18%-ы ғана кибертәуекелдерге тиісті түрде дайын екендерін айтты (Marsh Risk Resilience Report 2021). 

Өзіңіздің тәуекелдерді бақылауыңызға қатысты мына тенденциялар туралы білуіңіз керек. 

  • Бопсалаушы бағдарламалар: барған сайын қауіпті және әбден жетілдірілген болып, олардың саны артып келеді. Бопсалаушы бағдарламалардың шабуылдары күнделікті әрекеттерді тоқтатып қана қоймай, бизнесіңізді деректердің жария етілуінің заңды, беделді және қаржылық салдарларына ұшыратуы мүмкін.
  • Заңнама өзгертілуінің тәуекелдері: деректердің құпиялылығы туралы заңдар күшейтілуде, бірақ көптеген ұйымдарда оларды басқарудың дұрыс тәсілі жоқ. Заңнаманың сақталуына қойылатын талаптар кеңейіп жатыр, ал айыппұлдар өсіп келеді. ЕО деректерін қорғаудың бас регламенті (GDPR), Калифорния штатының «Тұтынушылардың құпиялылығын қорғау туралы» заңы (CCPA) және «Биометриялық ақпараттың құпиялылығы туралы» заң (BIPA) — бұл компаниялар сақтаулары тиіс жаһандық, аймақтық және салалық заңдардың бірнеше мысалы. 
  • Жеткізу тізбегі: жеткізу тізбегі зиянкестер үшін тартымды нысана болады, өйткені ол бір кіру нүктесі арқылы көптеген ұйымдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Көптеген ұйымдар өз қызметіне цифрлық технологияларды енгізген сайын, олар кибертәуекелдерге көбірек бейім болады. 

Цифрлық технологияларды немесе деректерді пайдаланатын кез келген ұйым кибертәуекелге ұшырайды. Кибертәуекелдердің тізімі шексіз және бизнесіңіздің жұмысындағы іркілістер қызметіңізге және пайдаңызға үлкен әсер етуі мүмкін. Алайда, кибертәуекелдерді, бизнес үшін басқа тәуекелдер сияқты, талдауға, өлшеуге және бақылауға болады. 

Кибертәуекелдерді және киберқауіптердің пайда болуын бақылау үшін компаниялар, әдетте технологиялық шешімдерді қолданады, олар: қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықтар мен бағдарламалық құралдар, жүйеге кіру мүмкіндігі туралы кеңестер мен сынақтар, сондай-ақ кибертәуекелдердің көрсеткіштер жүйесі. Алайда миллиондаған шығындарға қарамастан, көптеген ұйымдарда кибертәуекелдер және олардың бизнеске ықтимал экономикалық және операциялық әсері туралы толық түсінік жоқ.

Біздің клиенттеріміз бізге кибертәуекелдерді бақылаудың және ұйымның тұрақтылығын арттырудың бірегей әдістерін ұсына алуымыз үшін хабарласады. Біз сіздерге сценарийлер негізінде шығындарды модельдеу арқылы ұйымыңыздың кибертәуекел деңгейін бағалауға, кибероқиғаларға байланысты ықтимал шығындар мен шығыстарды бағалауға, киберқауіпсіздікті бақылау шараларының тиімділігін қаржылық тұрғыдан қарастыруға, сондай-ақ көп деңгейлі киберсақтандыру бағдарламасы құрылымдарының экономикалық тиімділігін бағалауға көмектесеміз.