Marsh компаниясының арнайы бөлімшесі ұйымдастыру комитеттеріне, халықаралық федерацияларға және дүниежүзіндегі спорттық клубтардың жартысына жуығына іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Халықаралық федерациялар, мемлекеттік басқару органдары, спорттық және бұқаралық іс-шараларға арналған объектілердің иелері және осы қарқынды дамып келе жатқан саладағы өзге де ұйымдар көптеген тәуекелдерге кез болады. Техногендік және табиғи апаттардың үшінші тұлғаларға міндеттемелердің пайда болуынан бастап бренд пен беделге нұқсан келтіруге дейінгі қаржылық және өндірістік салдары болуы мүмкін.
Спорттық және бұқаралық іс-шаралар саласындағы компанияларда да деректер құпиялығының бұзылу мәселесі орын алуы мүмкін. Оларда бар клиенттік құпия ақпараттың үлкен көлемі оның осалдығын арттырады. Сондықтан осындай компанияларға кибер тәуекелдерді басқарудың кешенді тәсілін жүзеге асыру да маңызды болып саналады.
Marsh компаниясының спорттық, ойын-сауықтық және бұқаралық іс-шаралар жөніндегі халықаралық бөлімшесі осы тәуекелдерді анықтауға, өлшеуге және басқаруға көмектеседі. Спорт саласындағы тәуекелдер бойынша бас кеңесші болған біздің ықтимал қауіптер мен компанияңыздың бизнес мақсаттарын есепке алып, тәуекелдерді басқару бағдарламасын құрастыруға көмек болатын арнайы біліміміз және нарықтық ахуал туралы түсінігіміз бар.
Көлемді салалық дерекқор, сондай-ақ салыстыру және талдау құралдары стратегиялық маңызды мәселелерді сенімді жүзеге асыру үшін дәл баға беруімізге мүмкіндік жасайды. Сарапшыларымыз тәуекелдер үрдісін айқындауға, ықтимал мәселелерді анықтап, ұйымыңыздың тәуекелдерін басқарудың сауатты стратегиясын қалыптастыруға көмектеседі.
Біз ықтимал тәуекелдерді олар төндіретін қауіп, қаржылық әсер, кәсіпорынның стратегиялары мен қызметтері тұрғысынан қарастырғаннан кейін, тәуекелдеріңізді басқару бойынша сақтандырудың лайықты аясын таңдауға, тәуекелдердің жалпы құнын төмендетуге және жалпы қаражат айналымын арттыруға мүмкіндік беретін тиімді стратегияларды белгілейміз.
Клиенттерімізге кірісті барынша арттырып, шығындарды төмендетуге көмектесетін тәуекелдерді басқару жөніндегі мамандардың халықаралық желісі спорт саласындағы мәселелерді жан-жақты білуінің, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың оңтайлы шешімдерін әзірлеуі және жүзеге асыруы арқасында осы саладағы тәуекелдерді басқару және сақтандыру бойынша көшбасшы беделіне ие болды.