Skip to main content

Marsh Multinational

Дүниежүзі бойынша тәуекелдерді басқару, шешімдерді жүзеге асыру және сақтандыру бағдарламаларын басқару үшін жаһандық деңгей, тәртіпке келтірілген процесс және тыңғылықты қызмет қажет.

Халықаралық саудада жұмыс істегенде әрқайсысының өз қағидалары мен жолдары бар көптеген регламенттермен және сақтандыру нарықтарымен істес болуға тура келеді.

Түрлі ұйғарымдар мен жергілікті стандарттар жекеменшікке/жазатайым оқиғаға, саясатқа, сауда кредиттеріне байланысты, сонымен қатар арнайы тәуекелдері бар халықаралық компаниялар жұмысын қиындатады.

Marsh компаниясы бірнеше нарықтағы жұмысқа байланысты тәуекелдерді реттеуде жаһандық көрегендікке, тәртіпке қойылған процеске және халықаралық ұйымдарға қолдау көрсетуде мол тәжірибеге ие. Біз сізге бүкіл сұрақтар ауқымын, соның ішінде пайда болатын тәуекелдерді, жергілікті нарық ерекшеліктерін, сондай-ақ халықаралық және аймақаралық сақтандыру шешімдеріне әсер ететін басқа да элементтерді түсінуге көмектесу үшін халықаралық мүмкіндіктерді береміз. Біздің сақтандыру, нормативтік реттеу және салық салу жөніндегі консалтингтік бөлімшеміз туындайтын проблемаларды клиенттеріміз болжауы және хабардар болып, іскерлік шешімдер қабылдауы үшін аймақтық нормативтік және салық мәселелері туралы өзекті және уақытылы мәліметтерді береді.

Marsh сақтандырудың мемлекет аралық бағдарламалардың әсерін көрсетіп, жаһандық деңгейде тәуекелдерді басқаруға көмектесетін бірнеше сақтандыру аясы бар стратегияны жүзеге асыру бойынша кеңестер бере алады.

Жетістікке жетуіміздің кілті — тәртіпке қойылған процесс пен Marsh компаниясының мұқият қызмет көрсетуі. «Жол қағидаларымыз» пайдаланылған тиімді орталықтандырылған тәсіл арқасында ортақ дүниежүзілік желіміз тіпті әлемнің шалғай өңірлерінде халықаралық және жергілікті саясаттармен біртекті және жаңғыртылатын жұмысты қамтамасыз етеді.

Marsh компаниясы бір, екі, жиырма немесе одан да көп елде жұмыс істейтініңізге қарамастан төмендегілерді орындауға көмектесе алады:

  • Туындайтын қиындықтарға жылдам әрекет ету және олардан сүрінбей өту.
  • Жергілікті үкіметтің қағидалары мен нормаларын білу.
  • Хабардар болып, шешімдер қабылдау және құнның, сақтандыру аясының практикалық аспектілерін таразылау және нормаларды сақтау.
  • Бағдарламаңызды басқару және оның құнын оңтайландыру.

* Тек ағылшын тілінде қол жетімді

ЖҚС

Бизнесті географиялық және саяси шекаралардан тыс жүргізу кезінде ерекше қауіп-қатермен қоса өсу мүмкіндіктері де болады. Ұлтаралық компанияларға тән қауіп-қатерге мыналарды жатқызуға болады: елдің ережелерін сақтамау; салық пен шығынға қатысты күтпеген салдар; міндетті түрде сақтандырылатын қауіп-қатер көлемі; сақтандырылатын қауіп-қатер көлеміндегі жетпейтін немесе қайталанатын тармақтар; жеткізілім тізбегінің бұзылуы; активтерге төнетін саяси қауіп-қатер; қызметкерлер, клиенттер мен жеткізушілердің денсаулығы мен әл-ауқатына төнетін қауіп-қатер.

Маған ұлтаралық сақтандыру мен қауіп-қатерді басқару бағдарламасының керек екенін қалай білуге болады?

Жауап мәтіні: Егер сіз қызметіңізді бірнеше елде атқарсаңыз, шетелге саяхаттайтын қызметкерлеріңіз болса, тауарларды импорттау немесе экспорттау жұмысымен айналыссаңыз, онда ұлтаралық сақтандыру және қауіп-қатерді басқару бағдарламасы қауіп-қатер деңгейін азайтуға көмектеседі.

 

Ұлтаралық компанияларға арнайы бөлінген мамандарымыз сізге бағдарламаңызды құруға, жүзеге асыруға және оңтайландыруға көмектеседі. Біз сақтандырылатын қауіп-қатер көлеміндегі қайталануы мүмкін тармақтарды анықтап, міндетті сақтандыру шарттарын қоса алғанда, жетпейтін сақтандыру көлемін табамыз. Сіз халықаралық сақтандыру бағдарламаңыздың тиімділігі мен нәтижелілігінде сенімді болуыңыз үшін біздің қолдауымызбен сақтандыру көлемі, шығындар мен талаптарға сәйкестікті тиімдірек теңдестіре аласыз.

Әрине. Әрбір елде өзіне ғана тән сақтандыру, салық және нормативтік талаптар қолданылады. Елдегі қауіп-қатер жаңа және туындайтын мәселелерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.

 

Қай жерде жұмыс істейтініңізге және немен айналысатыныңызға байланысты сіздің отандық сақтандыру шартыңыз (-тарыңыз) әлемдік қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Сақтандырылатын қауіп-қатер көлеміне қатысты елдің нормативтік ережелерін сақтамау салықтық немесе басқа жауапкершілікке әкеп соғуы, беделіңізге нұқсан келтіруі немесе сақтандыру көлеміне және шығындарды өтеу мүмкіндіктеріңізге кері әсер етуі мүмкін.

 

Біздің сенімді сақтандыру жөніндегі халықаралық кеңесшілеріміз, соның ішінде сақтандыруды реттеу және салық төлеу бойынша мамандар сізге осы қауіп-қатерді төмендетуге көмектесе алады. Біз сақтандыру нарығының үрдісі мен нормативтік ережелердегі өзгерістерді бақылап, сіздің сақтандыру және қауіп-қатерді басқару бағдарламаңыздың аясындағы сақтандырылатын қауіп-қатер көлемінің тиімділігін арттырамыз.

Бүкіл әлемдегі барлық сақтандыру шарттарын анықтаудың өзі қиынға соғуы мүмкін. Қажетсіз шарттарды алып тастау, қажетті шарттарды енгізу және қауіп-қатерді сақтандырудың әртүрлі тәсілдерін бағалау арқылы оларды оңтайландыру келесі маңызды қадам болып табылады.

 

Ұлтаралық бағдарламаны басқаруға арналған саладағы жетекші Marsh Global Connect цифрлық құралының көмегімен Marsh сіздің бағдарламаңызды түсінуге және оңтайландыруға көмектесетін сараптамалық білімге, құралдарға және технологияларға ие. Сондай-ақ, біз сақтандыру шарттарыңыз бен шығындарыңызды талдап, қауіп-қатерді басқару стратегияңызға сәйкестендірудің әдістемелік тәсілі болып табылатын халықаралық қауіп-қатер тексерісін ұсынамыз.

 

Бағдарламаны басқаруға қатысты тағы бір күрделі мәселеге мамандардың білімі мен жобаларды басқаруды қажет ететін халықаралық компаниялардың бірігуі мен жұтылуы жатады. Ұлтаралық компаниялардың бірігуі және жұтылуы бойынша біздің жобалық жоспарымыз жұтылған компанияларды жүйелі әрі сәтті қосудың дәлелденген құралы болып табылады.

«Жаһандық» немесе «басты бақыланатын» бағдарламалар өз елінде және, қажет болса, басқа елде де (немесе елдерде) қауіп-қатерді сақтандыруда өте тиімді болуы мүмкін. Сақтандырушы әдетте жергілікті нормативтік талаптарды немесе бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бастапқы жергілікті сақтандыру шартын шығарады. Бұл тәсілді қолдану басқаруды жеңілдетеді, сақтандырылатын қауіп-қатер көлемінің жүйелілігі мен экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді.

 

Жаһандық немесе басты бақыланатын бағдарламалар көбінесе мүлікті, жауапкершілікті, директорлар мен лауазымдық тұлғаларды, жүктерді және олармен байланысты сақтандырылатын қауіп-қатер көлемін қамту үшін қолданылады. Басқа сақтандырылатын қауіп-қатер түрлері, мысалы, автокөлікке және жұмыскерлерге қатысты өтемақы/жұмыс берушілердің жауапкершілігі, көп жағдайда әр елде бөлек сақтандыру шарттарын жасау арқылы сақтандырылады.

 

Ұлтаралық сақтандыру бағдарламасымен айналысатын біздің мамандарымыз әлемдік және жергілікті сақтандыру бағдарламаларын құру, енгізу және қызмет көрсету бойынша үлкен тәжірибеге ие. Біз сізге өз қажеттіліктеріңіз бен мақсаттарыңызға сәйкес келетін сақтандыру тәсілін сыни тұрғыдан бағалауға көмектесе аламыз.