Skip to main content

Есеп

Саяси тәуекелдер туралы есеп

2024 жылғы саяси және экономикалық тәуекелдер бойынша жол көрсеткішіңіз.

Сіз тарихтағы ең үлкен сайлау жылына дайынсыз ба? Геосаяси жағдай сіздің стратегияңыз бен іс-әрекетіңізге әсер етуі мүмкін бірқатар белгісіздіктермен сипатталады. 

Саяси тәуекелдер туралы есеп — бұл 2024 жылғы саяси және экономикалық жағдайдың болжанбайтын сипатына қарамастан, сізге тәуекелдер мен мүмкіндіктерді сенімді түрде басқаруға көмектесетін жол көрсеткішіңіз.

Осы есеп 197 ел мен аумақ бойынша біз жүргізген деректерді жан-жақты талдау нәтижелері бойынша жасалды және 2024 жыл ішіндегі білу қажет ең маңызды ақпараттың қысқаша мазмұнын қамтиды.

Бұл есеп сізге мыналарды жасауға көмектеседі:

  • Сіздің қызметіңізге және қорытынды көрсеткіштеріңізге әсер етуі мүмкін тәуекелдер саласындағы үрдістер туралы толық түсінік алу.

  • Сіздің бизнесіңізді жаңа аймақтарда немесе жаңа нарықтарда кеңейту туралы негізделген шешімдер қабылдау.

  • Сіздің қызметкерлеріңізге, активтеріңізге және жеткізу тізбегіңізге әсер ете алатын ықтимал тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтау

  • Сіз және сіздің ұйымыңыз төзімділікті арттыру және сақтау үшін қазірден бастап жасай алатын әрекеттер.

Есеп бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Саяси тәуекелдер дегеніміз не және оларды сақтандыруға бола ма?
Саяси тәуекел — бұл елде болып жатқан саяси оқиғалардан немесе халықаралық жағдайдағы өзгерістерден туындаған сәтсіздік ықтималдығы. Саяси тәуекелдерді сақтандыру (PRI) сіздің ұйымыңыз өз қызметін жүзеге асыратын, сіздің активтеріңіз орналасқан, шарттар/келісімшарттар жасалатын және орындалатын немесе инвестициялар жүзеге асырылатын кез келген елде үкіметтің қаржылық шығындарға әкелген әрекеттерінен келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ете алады.

Саяси тәуекелдер туралы есеп дегеніміз не?

Саяси тәуекелдер туралы есепте жүйелік ауысулардың әсерінен күшейетін динамикалық геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдер туралы маңызды мәліметтер бар. Баяндамада трансұлттық корпорациялардың өзгермелі геоэкономикалық құрылымдардан, климаттың өзгеруінен және бүкіл әлемде өткізіліп жатқан ондаған сайлау сияқты маңызды жаһандық оқиғалардан туындаған күтпеген мәселелерді тану мүмкіндіктерін, сондай-ақ оларға дайындалу және осындай проблемалардың ауырлығын төмендету мүмкіндіктерін нығайту қажеттілігі баса көрсетіледі.  


Саяси тәуекелдер туралы есеп кімге арналған?
2024 жылғы Саяси тәуекелдер туралы есеппен жаһандық мәнмәтінде Стратегиялық жоспарлау және тәуекелдерді басқару процестеріне қатысатын тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі басшылар міндетті түрде танысуы тиіс. Сіз ықтимал сәтсіздіктерді болжауға көмектесетін білім аласыз, бұл өз кезегінде өте тұрақсыз, тез өзгеретін әлем жағдайында ұйымыңыздың мүдделерін қорғауға бағытталған тиісті стратегиялық жоспарлау және тәуекелдерді азайту шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Өткен жылдардағы есептермен салыстырғанда биылғы Саяси тәуекелдер туралы есепті бірегей ететін не?
Бүкіл әлем бойынша рекордтық сайлау санының (әлемдік ЖІӨ-нің кемінде 40 %-ын құрайтын 60-тан астам елде), жасанды интеллекттің саяси процестерге қатысуымен байланысты жаңа тәуекелдерге, сондай-ақ макроэкономикалық өзгерістер мен климаттың өзгеруі саясатының күрделі динамикасына айрықша назар аудара отырып, бұл есеп сізге ағымдағы және болашақ белгісіздік жағдайында бейімделу үшін қажет аналитикалық ақпаратты береді.

Нәтижелері Саяси тәуекелдер туралы есептің негізін құрайтын зерттеулер қаншалықты ауқымды?
Есеп 197 ел бойынша 200-ден астам халықаралық индекстерден алынған мәліметтер негізінде құрастырылған, сонымен қатар 2005 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша қақтығыстар қаупінің өсуіне және қақтығыстардың екі еселенуіне ықпал еткен, соңғы жылдары жеделдетілген геосаяси өзгерістердің салдарын көрсетеді.


Есеп маған тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша басшы қызметін жүзеге асыруға қалай көмектесе алады?
Тәуекелдерді басқару жөніндегі басшы үшін 2024 жылғы Саяси тәуекелдер туралы есеп сіздің ұйымыңыз қазіргі әлемнің күрделі геосаяси және макроэкономикалық жағдайларында кездесетін нюанстар мен өзгеретін мәселелерді түсіну үшін қажет таптырмас ресурс болып табылады. Бұл есеп туындайтын мәселелер мен ашылатын мүмкіндіктерді аша отырып, әлемдік саясат, сауда және қаржы ұшырайтын трансформациялар аясында операциялық жоспарлау жөніндегі нұсқаулық болып келеді.

Өткен жылдардағы есептерге қалай қол жеткізуге болады?
Есептің алдыңғы екі нұсқасымен мына жерден танысуға болады: 2023 жылғы Саяси тәуекелдер туралы есепжәне2022 жылғы Саяси тәуекелдер туралы есеп.