Skip to main content

Пайдалану шарттары

Бұл веб-сайтты Қаржылық бақылау басқармасы уәкілеттік берген және реттейтін “Марш (сақтандыру брокерлері)” ЖШС(бұдан әрі – «Marsh») басқарады. Осы шарттар мен ережелерді (бұдан әрі – «Шарттар») мұқият оқып шығыңыз. Бұл веб-сайтқа кіргенде, сіз «Marsh» Құпиялық саясатын қоса, осы шарттарды сақтауға келісесіз. Егер сіз осы шарттарды сақтауға келіспесеңіз, аталған веб-сайтқа кірмегеніңіз немесе оны қарамағаныңыз жөн.

БҰЛ ВЕБ-САЙТТЫ ҚОЛДАНБАС БҰРЫН, ОСЫ ШАРТТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ:

  1. «Marsh» осы веб-сайтқа ақпаратты енгізу кезінде оның дұрыстығына көз жеткізу үшін барлық оңтайлы шараларды орындағанымен, егер ақпарат толық емес, қате немесе ескірген болса, «Marsh» оған жауап бермейтінін ескергеніңіз жөн.
  2. Осы веб-сайтта тікелей көрсетілмесе, «Marsh» кез келген веб-парақтардың, сіз жіберген немесе алған кез келген хабарламаның мазмұнына немесе пайдаланылуына жауап бермейді.
  3. Аталған веб-сайтқа қатысты барлық қазіргі және болашақ авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа зияткерлік меншік құқықтары «Marsh» компаниясы мен оның лицензиарларына тиесілі. Сізге осы шарттарға сәйкес веб-сайтты пайдалану бойынша шектеулі құқықты қоспағанда, веб-сайтқа қатысты басқа ешқандай құқықтар берілмейді. Сіз «Marsh» компаниясының, оның лицензиарларының меншік құқықтарын қорғауға келісесіз және кез келген меншік құқықтарын бұзуға әкеп соғатын, веб-сайтқа рұқсатсыз кіру немесе пайдалану туралы білген жағдайда «Marsh»-қа дереу жазбаша хабарлауға келісесіз (байланыс деректері төменде берілген).
  4. Сізге осы веб-сайттан ақпаратты және онда қамтылған материалдарды тек өзіңізге жеке коммерциялық емес мақсатта немесе ұйымыңызға коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін басып шығаруға немесе жүктеп алуға рұқсат етіледі. Сізге осы веб-сайттың кез келген бөлігін немесе онда қамтылған материалды сатуға ұсынуға, сатуға немесе кез келген ақпарат тасымалдағышпен таратуға рұқсат етілмейді. Егер сізге «Marsh» жазбаша рұқсат бермесе, сіздің веб-сайттың кез келген бөлігін басқа веб-сайттың бөлігі ретінде интернетте гиперсілтеме қою немесе басқа тәсілді қолдану арқылы кіруге қолжетімді етуге құқығыңыз жоқ. Рұқсат алуға өтініш жіберу үшін келесі мәліметтерді көрсетіп, «Marsh»-қа (байланыс ақпараты төменде берілген) электрондық хат жіберуіңіз немесе жазуыңыз қажет: (а) сіздің аты-жөніңіз немесе сілтемеге (-лерге) жауапты техникалық маманның аты-жөні; (ә) сіздің компанияңыздың атауы; (б) сіздің немесе сілтемеге (-лерге) жауапты техникалық маманның электрондық мекенжайы мен телефон нөмірі; және (в) басты бетке сілтеме (-лер) көрсетілетін веб-сайттың мекенжайы (-лары). «Marsh» атауын пайдалануға немесе «Marsh» брендін қандай да бір жолмен теріс пайдалануға рұқсат етілмейді, бұл тек «Marsh»-тың қарап шешуі бойынша анықталуы керек.
  5. Бұл веб-сайтты қандай да бір заңсыз мақсаттарда қолдануға болмайды, атап айтқанда, сіз жала жабатын, ерсі, адамдарға тіл тигізетін, әдепсіз немесе кез келген адамның жеке өміріне қол сұғатын кез келген хабарламаны жібермеуге, пайдаланбауға, көшірмеуге, жарияламауға немесе жариялауға рұқсат бермеуге келісесіз. Сіз осы веб-сайттың жұмыс істеуіне немесе оған кіретін басқа адамдардың пайдалануына кедергі келтіруі мүмкін кез келген қажетсіз үгіт-насихат материалдарын, жарнамалық материалдарды, спамды, соларға ұқсас материалдарды немесе көлемі кез келген хабарламаларды жібермеуге келісесіз.
  6. «Marsh» бүкіл веб-сайтты немесе оның кез келген бөлігін кез келген уақытта, ескертусіз жақсарту, түрлендіру, өзгерту, тоқтата тұру немесе біржола тоқтату, оған кіруді шектеу немесе кіруге тыйым салу құқығын өзіне қалдырады.
  7. Біз алған ақпарат құпия болып саналады және құпиялылық саясатымызға немесе сіздің нұсқаулықтарыңызға сәйкес болмаса, жария етілмейді.

    Біздің клиенттерімізге қызмет көрсету бойынша қалыпты жұмыс барысында ақпарат Marsh & McLennan Companies Group («MMC») аясында таратылуы, сондай-ақ зерттеу, статистиканы талдау, қылмыстың алдын алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол кез келген елге, соның ішінде Еуропалық Экономикалық Аймақтан тыс елдерге аталған мақсаттардың кез келгенін орындау және жүйелерді басқару үшін берілуі мүмкін. Сондай-ақ, ол клиенттерімізде қызығушылық тудыруы мүмкін өнімдер мен қызметтер туралы ақпарат беру үшін пайдаланылуы мүмкін.

    Клиенттеріміз бізге дербес деректерді (аты-жөні, мекенжайы немесе тірі адамдарға қатысты басқа ақпарат) қамтитын ақпарат ұсынса, осы деректер қатысты тұлғаларға деректерді алу себебі (-тері) және олардың «MMC» компаниялар тобы секілді үшінші тараптарға жария етілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат берілген жағдайда ғана біз бұл деректерді жалпы сақтандыру және аталған клиенттерге басқа қызметтер көрсету үшін сақтап, пайдаланамыз.
  8. Осы құжат арқылы сіз осы веб-сайтты теріс пайдалануыңыз немесе осы шарттарды бұзуыңыз нәтижесінде «Marsh» компаниясына келтірілген немесе оған қарсы тағайындалған кез келген шығындарды, талаптарды, залалдарды және зақымдарды (соның ішінде, сот шығындарын) «Marsh» компаниясына өтеуге келісесіз.
  9. Бұл веб-сайтта басқа веб-сайттарға сілтемелер берілуі мүмкін, «Marsh» мұндай сайттарды бақыламайды. «Marsh» осындай басқа сайттарда қамтылған кез келген материалдың дәлдігі немесе басқасы, сондай-ақ онда жүзеге асырылатын кез келген қызметтің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды. Мұндай сайттарды тек өзіңіз тәуекел етіп қолданасыз.
  10. Егер сіз осы шарттарды бұзсаңыз, «Marsh» өз қалауы бойынша сіздің веб-сайтқа кіру рұқсатыңызды тоқтата тұруы және сізге одан әрі кіруге рұқсат беруден бас тартуы мүмкін.
  11. Егер басқаша көрсетілмесе, бұл веб-сайт сізге ешқандай міндеттемесіз немесе кепілдіксіз тегін ұсынылады, «Marsh» келісімшарт аясында, құқық бұзушылық нәтижесінде (немқұрайлылықты қоса алғанда) немесе осы веб-сайтқа байланысты туындаған басқа жолмен, сіздің алдыңызда ешқандай жауапкершілік (оның абайсыздығынан немесе алаяқтықтан туындаған жарақат немесе өлім жағдайларын қоспағанда) көтермейді. Құқықтық қорғаудың жалғыз шешімі - осы веб-сайтты пайдалануды тоқтату. «Marsh»-тың тікелей немқұрайлылығынан өлім немесе дене жарақаты туындаса, «Marsh»-тың жауапкершілігі шектелмейді.
  12. Бұл шарттарды «Marsh» мерзімді түрде өзгертуі мүмкін. Осындай өзгерістерден кейін сіз осы веб-сайтты пайдалансаңыз, бұл өзгерістерді қабылдағаныңызды білдіреді.
  13. Осы шарттар мен ережелер және осы веб-сайтта қамтылған материалдар соттары айрықша юрисдикцияға ие болатын ағылшын заңнамасымен реттеледі.
  14. Осы веб-сайтқа немесе «Marsh»-қа қатысты кез келген сұрақтарыңыз немесе өтініштеріңіз бізбен байланысу формасы арқылы жіберілуі керек немесе бізге мына мекенжайға жаза аласыз:

Марш (сақтандыру брокерлері) ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050051, мд. Самал 2, 97 үй, 11 қабат
Телефон: +7(727)3560051
Жұмыс уақыты: 09: 00-ден 18: 00-ге дейін түскі үзіліс 13: 00-ден 14: 00-ге дейін